THE GAME написал(а):Алғашқы емес қателеспе! 2008 жылы Рэп Одақ шыққан болатын!
Әрине айып етпе, бауыр, дегенімен, 2008-жылдың одағында Батыс жақтың ірі деген тұлғаларының қатарынан табылатын Али, Жақау сынды МСлерді "Хан" шет қалдырған жоқ па еді? Тіпті, өзінің қорытынды сөзінде осы әуендегі ақындардан басқа лайықты МС жоқ деп айтқан жоқ па? Енді осыдан кейін, бұл трэк Қазақстанды бірлікке шақырды деп емес, қайта оны екіге бөліп тастады десек қате болар ма екен, өзің қараш. Оның үстіне, АшҚазақтар кезек-кезек Хардкор стилінде оқитын МСлерді түсірумен болған жоқ па? Ал Али Хардкор "папасы" бола тұра, бәрінен өте келе, бірлкке деген ынтасының басымдылығын көрсете алғаны, менің ойымша үлкен қадам және алғашқы қадам. АҚПРО-ның өзім де тұрақты тыңдарманы болсам да, бұл лейблдің ішіндегі "ең ірісі" бірлік емес ПиАр іздеген трэгын - мен, бірлік жолындағы қадам деп санасам да, оны кері қадам деп түсінер едім. Назарыңа рахмет, бейбітшілік.
Отредактировано KIPCHAK (2009-08-13 00:49:48)