*-*-*КаZаKшА_рэп_хип-хоп_порталы*-*-*

Объявление

Изображение с кодом 710772 - savepic.ru — сервис хранения изображений

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » *-*-*КаZаKшА_рэп_хип-хоп_порталы*-*-* » Тексты » Текст: G-Had - Перiштелер


Текст: G-Had - Перiштелер

Сообщений 1 страница 16 из 16

1

Барлық мақтау да, мадақ,
Бүкіл әлемнің раббы Аллаға тән.
Аса қа*қор, ерекше мейрімді,
Қияметтің патшасы - я Аллаһ... !!!
Саған ғана жалбарынып,
Әрі сенен ғана жәрдем тілейміз.
Бізді тура жолыңа сала көр,
Нығметіңе бөленгеннің жолына,
Адасқан мен ашуға ұшырағандардың жолына емес...
Әмин!

Екі дүние раббысы Мутакаббир(әр-бір кемшіліктен жоғары, ұлылық иесі) Аллам,
Ғайыптан адам сеніміңе қадам басқан.
Тәкәппар шайтан:
“Мен оттан, ол топырақтан” – деп, көкірек қаққан.

Сұлу әнмен зікір салам, ұлы Рахман.
Жаһаннам отта Ібілісті ертең лағнет атқан.
Кез келер жүзі жанып әскеріңе де,
Періштелер “тозақи” деген алқа таққан.

Аллаға иманы мықты басын иді,
Сәжде қылып пендеге, нәпсі тыйды.
Сол күннен атамыз Адам ғалейһис-сәлям,
Кенішке бөлеп, періште жанды, мәңгі сүйді.

Жаралып нұрдан періште, ғайып бейне,
Қалыпсыз түр-түске ене бере.
Бойсынар Рахманның әміріне,
Еміренер, жынысы жоқ болып
Бөлінбейді ол еркек не әйеліне.

Бәз біреу көкте жерде,
Тозағы мен пейіште.
Амал жазып, әр-бір істі,
Иықта отыр періште.
Мункар, Накир (Қабірдегі періштелердің аты) қабірде әсте,
Қызмет етіп пендеге,
Қара жерден бір пәсте.

Иә ақи уә ухти, (ей, бауырлар мен қарындастар)
Кейфә хәлук уә хәлуки!(хәл жағдайларың қалай)
Толабуль ғильми фәридатун ғала кулли муслимина уа муслимәт
(Әр-бір мұсылман әйел мен еркекке білім іздеу парыз)
Әль иману биль малаикат. (Періштелерге иман келтір)

Джәбреиль ғалейһис-сәлям:

Күмәнсіз саған иман еттім,
Иман еттім сол күнге
Иман еттім расуліміз Мухаммедке
Құран кәрім сый еткен.

Иқро! Биссми роббикәл-ләзи холақ. (Ең бірінші түскен төрт аят – Оқы! Адамды ұйыған қаннан жаратқан раббыңның атымен)

“Тәурат”,” Забур”, “Інжил”, “Құран” (құдайдан түскен төрт кітап),
Жәбреильден уахи болғаны аян.
Елші болып пайғамбарға сыбыр қаққан,
Хақтан сүре, аят, шариғи заңда Алладан.

Микаиль ғалейһис-сәлям:

Дара тұлға, табиғат алаңына бақылау бола,
Айы туып, таза ауа аспанда ала.
Нөсер жауар топырағы мен суына,
Желде ұрар бұлт артынан тауға қуа, әмір Алла...

Бір Аллаға бағына,
Періштесіз қозғалмас, шаң тозаң да ғаламда.
Төрт мезгіл, суық қар, топаныда,
Жеміс піспей жетіле ма?, әмірінсіз...
Құнар жер топырағында.

Әзреиль ғалейһис-сәлям:

Дүне жалған,
Ажалдан қорған таппаған, әлсіз ғой адам.
Сүрсем деп тағы,
Өлімге сәл-ақ қадам алаңдатқан.
Әмір бір хақтан,
Денеден рухты келіп ажыратқан.

Күйзелмейді шектеулі дем,
Мерзімде бітті...
Ілгері кетпес,
Өлшеп берген уақытта жетті.
Кешікпей жүздесерсің тәңірмен енді,
Жан тапсыр! Әзреиль келіп қақты есікті.

Исрафиль ғалейһис-сәлям:

Бұл бір заман жаман,
Ақыр заман.
Адам надан не сараң,
Иманы жоқ пенде құртты ниетті.
Қолға алып пұтты,
Құдай атын ұмытты.
Жүрісті өзгертіп батыстан,
Көрсетті күн шуақты.

Әмір етті! Қияметті...
Исрафильге сұр үрлетті.
Бітті дүние жалған,
Мәңгіге кетті...
Адам, өмір,
Барша әлемді телміретті.
Жында, періште де мерт кетті.

Тірілтіп Алла Исрафильді,
Екінші рет сұр үрлетті.
Сұр үнімен барлық жанға,
Рухы жетті.
Әділетті сот хұзырында адам,
Жасағанда амалына есеп етті.
Нәсіп етті біреуге отты,
Біреуге Алла жәннетті.

+2

2

сау бол бауырым !!!

коп тусинбей журген тексттеримди козиммен окып тусинип калдым !!!

Ризашылык билдирем курмет !!!

0

3

Ия Аль Наср дын тексттері тусініксіз болат брак! Енді коріп отырм жаксы екен!

0

4

Түсініксіз емес, просто ол текстті түсіну үшінде біраз білім керек. Мен өзім жазуға қорықтым бул текстті, сосын бір сайттан тауып алдым.  Мән-мағынасы ең терең, жане де ен кушті трэк осы.

+1

5

ТЕмаа ! рахмет!!! Трекги тема !!!

0

6

Ассалау магалейкум..! Саубол!!! Менинде тусинбеген жерлерим болган енди тусиндим!!! Рахмет!!!

0

7

Tony Montano написал(а):

Түсініксіз емес, просто ол текстті түсіну үшінде біраз білім керек. Мен өзім жазуға қорықтым бул текстті, сосын бір сайттан тауып алдым.  Мән-мағынасы ең терең, жане де ен кушті трэк осы.

Дал тигиздин Бауырым!!! Орынды соз!!! Рахмат саган!!!

0

8

Tony Montano написал(а):

Түсініксіз емес, просто ол текстті түсіну үшінде біраз білім керек. Мен өзім жазуға қорықтым бул текстті, сосын бір сайттан тауып алдым.  Мән-мағынасы ең терең, жане де ен кушті трэк осы.

сонда сен мени билимсиз сауатсыз тупой деп турсынба ?

Менин билимим тректеги тексти тусинуге жетерликтей ! Ал кулагым шалыс естигенге билимнин тук катысы жок  !

0

9

:dontcare:

0

10

тема тема РАХМЕТ

0

11

ADAMGA RUHANI AZIK BEREDI EKEN MINA AUEN! ALLA RAZI BOLSIN G-HAD (SALAMALEC SOUND) TOBINA!

0

12

Big Ali G написал(а):

сонда сен мени билимсиз сауатсыз тупой деп турсынба ?

:rofl:

0

13

madiss madis G-Had jalpi lirikaga jaksi

0

14

керемет , қайталанбас трэк  =))

+1

15

ote ademy jazylghan!! :D

0

16

керемет :P

0


Вы здесь » *-*-*КаZаKшА_рэп_хип-хоп_порталы*-*-* » Тексты » Текст: G-Had - Перiштелер